Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аққайың ауданында тұрғындардың өтініштері бойынша жолдар жөнделуде

Аққайың ауданында тұрғындардың өтініштері бойынша жолдар жөнделуде

Аққайың ауданындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 386 км құрайды. Оның 111 км – республикалық, 162 км – облыстық, 113,7 км – аудандық маңыздағы жолдар. Соңғы үш жылда ауданда 37,2 км жол жөнделіп, бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды QZ News.

Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Байзақтың айтуынша, қазіргі уақытта 12 ауылдық округте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз азаматтардың өтініштерін сараптап, нақты проблемалық учаскелерді анықтадық. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, жолдардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде», – деді ол.

Өткен аптада Смирново ауылында жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Суворов көшесінде 217 млн 862 мың теңгеге орташа жөндеу жүргізілді. Геннадий Зенченко көшесінде де 112 млн 503 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары орындалды. Екі нысан бойынша мердігер – «КоммунСтройСервис» ЖШС.

Жұмысшы Павел Овсянников жұмыстардың белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтты.

«Барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауға үлгеріп жатырмыз. Жөндеуді бір жарым апта бұрын бастадық. Зенченко көшесінде қалған 750 метрге асфальт төсеу ғана қалды», – деді ол.

Shares