Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «AMANAT» партиясының белсенділері Новоишим ауылында сенбілік өткізді

«AMANAT» партиясының белсенділері Новоишим ауылында сенбілік өткізді

«AMANAT» партиясының белсенділері «Таза бейсенбі» экологиялық жобасы аясында Новоишим ауылында сенбілік ұйымдастырды. Партия филиалының қызметкерлері мен белсенділер ауыл аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ news.

Акцияға қатысушылар қоқыс жинап, бұталарды қырқып, жасыл желектерді ретке келтірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, тұрғындарға туған өлкенің тазалығына деген жауапкершілік сезімін ұялатады.

«Таза бейсенбі  жобасы – әрбір адамға қоршаған орта – бәрімізге ортақ байлық екенін еске салудың тамаша мүмкіндігі», – дейді Ғабит Мүсірепов ауданы бойынша партия филиалының атқарушы хатшысы Көгаршын Минашева.

Shares