Петропавловск
+27°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда 21 мамырдан бастап 400 АЕК-ке дейінгі гранттарға өтінім қабылдау басталады

Қазақстанда 21 мамырдан бастап 400 АЕК-ке дейінгі гранттарға өтінім қабылдау басталады

21 мамырдан бастап Business.enbek.kz порталында халықтың әлеуметтік осал топтарының өз кәсібін ашуы мен дамытуына бағытталған өтеусіз гранттарға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды QZ News.

Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін жетуі мүмкін, бұл 2025 жылы 1 572 800 теңгені құрайды. Бұл қолдау тетігі атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, көпбалалы аналарды, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатындарды, қоныс аударушыларды, қандастарды, еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүмкіндігі шектеулі жандарды және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған.

Бағдарламаға қатысу үшін 2025 жылдың 21 мамырынан бастап Business.enbek.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталған онлайн-өтінім беру қажет. Сонымен қатар, өтінім берушілер өз тұрғылықты жері бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығына немесе оның бөлімшелеріне (Мансап орталықтары) жүгініп, кеңес пен сүйемелдеу қызметін ала алады.

Shares