Солтүстікқазақстандық Мақпал Байекееваға дәрі-дәрмекке шұғыл қаражат жиналуда

Солтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны Мақпал Байекеева қазақстандықтардан көмек сұрайды. Ол күн сайын өмірі үшін күресіп келеді. Қазіргі таңда оған өте маңызды дәрі – таблетка түріндегі химияпрепарат қажет, алайда бұл дәрінің құны қарапайым қыз үшін тым көп, деп хабарлайды QZ News.
Макпалға қойылған диагноз – 4-ші сатыдағы колоректалды рак. Ауру бауырға, өкпеге, лимфа түйіндеріне және құрсақ қуысына метастаз берген. Сонымен қатар, аналық бездердің обырына күдік бар. Уақыт шешуші рөл атқарады – дәрі 10 күн ішінде сатып алынуы тиіс. Дәрінің АҚШ-тан Түркия арқылы Қазақстанға жету жолы күрделі және ұзақ, ал емді үзу – өмірге үлкен қауіп төндіреді.
«Маған алғашқы курсты сатып алуға көмектесті. Енді сіздерден екінші қорап таблетка түріндегі химияпрепаратты сатып алуға жәрдем сұраймын. Қазір біздің жинақ тоқтап қалды, ал маған 2-ші қорапты сатып алуға 1 208 000 теңге жетпей тұр. Бұл мен үшін өте маңызды», – деп жазды Мақпал әлеуметтік желілерде.
Мақпалға көмек көрсету реквизиттері:
Kaspi Bank: 4400 4303 1175 4227
Halyk Bank: 4003 0351 4029 6208
Телефон: 8 775 112 59 21 (Макпал Б.)
Әрбір қолдау – үлкен үміт. Мақпалдың емін жалғастыруы үшін көмектесейік!
