Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Бибінұр Әбілге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық стенд-ап концерт өтеді

Петропавлда Бибінұр Әбілге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық стенд-ап концерт өтеді

Ертең, 13 мамыр күні Петропавл қаласында көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, Бибінұр Әбілге көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық стенд-ап концерт өтеді, деп хабарлайды QZ News.

Бұл күлкі кеші онкологиялық дертпен күресіп жатқан Бибінұр Әбілге қолдау ретінде ұйымдастырылып отыр. Еске сала кетейік, оған жатыр мойнының сыртқы бөлігінің қатерлі ісігі және аурудың өзге ағзаларға таралуы диагнозы қойылған. Ем-дом үшін қажетті сома — 36 000 000 теңге (68 500 АҚШ доллары). Толық диагностика мен ем шаралары Кореяда жүргізіледі.

Петропавл мен Көкшетаудың комиктері өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге үздік әзілдерін ұсынбақ. Кеш барысында Креативтік орталықтың сахнасында өңірге танымал стендап-комиктер: Әділбек Мейрамов, Денис Эфтэ және Евгений Поддубный өнер көрсетеді. Олар ерекше әзілдерімен бөлісіп, бұл кешті ұмытылмас етуге ниетті.

Кеш қонақтарын жинау 19:30-ға жоспарланған. Билет құны – 2500 теңге, ал түскен барлық қаражат Бибинұр Әбілдің еміне толықтай бағытталады.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын бұл маңызды бастаманы қолдауға шақырады. Бұл концертке бару — дарынды комиктердің өнерінен ләззат алып қана қоймай, көмекке мұқтаж жанның өміріне үміт сыйлау мүмкіндігі.

Билеттерді Креативтік орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасының сілтемесі арқылы брондауға болады.

Shares