Петропавлда телефон қуаттау кезінде электр розеткасы отқа оранды
Петропавл қаласындағы Жеңіс көшесінде электр розеткасы өртенді. Өрттің шығуына телефонды қуаттау кезінде орын алған қысқа тұйықталу себеп болған, деп хабарлайды QZ news.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, 10 минут ішінде өртті толық сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
СҚО ТЖД азаматтарды электр құрылғыларын қолданғанда сақ болуға шақырады. Қуаттау құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және осындай жағдайлардың алдын алу үшін электр сымдарының жағдайын үнемі тексеріп отырыңыз.