2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда бір тәулікке ауыз су ажыратылады

Петропавлда бір тәулікке ауыз су ажыратылады

May 26, 2025 12:25

Облыс орталығында жоспарлы түрде ауыз су беру шектеледі. Бұл Петропавл қаласындағы 1 бірінші көтергіш сорғы стансасын қайта құру» нысанында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. Бұл туралы «Қызылжар су» ЖШС-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.

Су беру 2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 22:00-ден 28 мамыр сағат 22:00-ге дейін шектеледі.

«Шектеу кезеңінде мамандар екі жаңа тереңдік сорғысын қосу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы реконструкция аясында стансаға төрт негізгі сорғы агрегаты (екі негізгі және екі резервтік) орнатылады, бұл су тазарту құрылыстарына тұрақты су беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдын ала қажетті мөлшерде су қорын дайындап алуларыңызды сұраймыз. Маңызды жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.

Барлық сұрақтар бойынша компанияның диспетчерлік қызметіне 62-54-25 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Shares