Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » АҚШ-та ғарышты ластағаны үшін алғашқы айыппұл салынды

АҚШ-та ғарышты ластағаны үшін алғашқы айыппұл салынды

АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы Dish Network компаниясына ғарышты ластағаны үшін алғаш рет айыппұл салды. Компания 150 мың доллар төлеуі керек, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2002 жылы Dish компаниясы өзінің спутнигін геостационарлық орбитаға шығарды. 12-ші жылы басшылық орбитаның ластауды азайту жоспарымен келісті және миссия аяқталғаннан кейін өз спутнигін «зираттар орбитасына» жіберуі керек еді, бірақ бұл жұмыс атқарылмаған.

Ғарыш қоқыстары АҚШ Федералдық комиссиясын алаңдатып отыр. Орбитада қалған ескі материал неғұрлым көп болса, басқа жерсеріктердің өз миссияларын бастау және аяқтауы соғұрлым қиын болады дейді сарапшылар. 2022 жылы жаңа ереже күшіне енді, ол операторлардың миссиясын аяқтағаннан кейін бес жыл ішінде жерсеріктерін кәдеге жаратуды талап етеді.

 

Shares