Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жұмысшы мамандықтар бойынша «Кәсіби маман» байқауына өтінім қабылдау басталды

СҚО-да жұмысшы мамандықтар бойынша «Кәсіби маман» байқауына өтінім қабылдау басталды

June 2, 2025 18:37

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» бастамасымен ұйымдастырылған «Кәсіби маман» республикалық байқауының өңірлік іріктеу кезеңіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, кадр даярлау мен тәлімгерлік бойынша үздік тәжірибелерді анықтауға бағытталған, деп хабарлайды QZ News

«Кәсіби маман» байқауының мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген кәсіпорындарды, колледждерді және жекелеген мамандарды атап өту. Байқау аясында Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлаудың үздік тәжірибелерін анықтап, қолдау көзделеді», – деді СҚО кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ирина Торопова.

Байқау үш номинация бойынша өтеді:

  • «Кадр даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын»
  • «Жұмысшы кадрларды даярлайтын үздік колледж»
  • «Өндірістегі үздік тәлімгер»

Байқау екі кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.

Қатысушылардан өтінім қабылдау бүгін, 2 маусымда басталып, 12 маусымға дейін жалғасады. Құжаттар (өтінім, E-портфолио және растайтын құжаттарға сілтеме) электронды түрде келесі мекенжайға жолдануы қажет: petropavl@atameken.kz

Өңірлік кезеңнің қорытындысын шығару және өтінімдерді қарау 16-20 маусым аралығында өтеді.

Өңірлік кезең жеңімпаздары қатысатын республикалық кезең қыркүйек-қазан айларына жоспарланған. Дәл осы кезеңде байқаудың Гран-при иегері анықталады.

СҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар мен колледждерді, сондай-ақ өндірістік тәлімгерлерді байқауға белсенді қатысуға шақырады. Толық ақпарат пен байқау ережесін мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (7152) 50-36-42.

Shares