2 шілдеден Петропавлдан Шарм-Эль-Шейхке тікелей рейстер басталады
2 шілдеден бастап петропавлдықтар үшін Мысырдың танымал курорты Шарм-Эль-Шейхке тікелей әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды QZ News.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, рейстер тұрақты түрде — әр 10 күн сайын орындалады. Бұл демалысты ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұшу уақыты шамамен 5 сағатты құрайды.
Алғашқы DV5262 рейсі 2 шілде күні таңғы сағат 04:30-ға жоспарланған. Жолаушыларды заманауи Boeing 737 MAX 9 ұшағы тасымалдайды.