Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімі қала тұрғындарын ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Петропавл әкімі қала тұрғындарын ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Петропавл қаласының әкімі әлеуметтік желілерде қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News.

Өз құттықтауында әкім Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – елдің рухани байлығының, ұлттық бірлігінің, тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Ол рәміздерге құрмет көрсету – әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы екенін айтты.

Қала басшысы облыс орталығы тұрғындарына және олардың отбасыларына зор денсаулық, табыс пен амандық тіледі.

Shares