Петропавлда құдыққа құлап кеткен ит құтқарылды
May 31, 2025 13:36

Петропавл қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тағы бір төрт аяқтыға көмек көрсетіп, қиын жағдайға тап болған итті құтқарып қалды. Бұл жолы оқиға Абай көшесі, 77-үйдің маңында болды, деп хабарлайды QZ News.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құрал – тұзақ арқанның көмегімен итті абайлап құдықтан шығарып алды. Абырой болғанда, жануар еш жарақат алған жоқ, қазіргі кезде қауіпсіз жерде.
Бұл – Петропавл қаласының ТЖД қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жануарларға көмектескен алғашқы жағдай емес. Олар ең қорғансыз жануарларға көмек көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін іс жүзінде көрсетіп келеді.
