Петропавлдық жас зерттеуші Қазақстанның киелі орындарын насихаттауда

Петропавл қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектептің 7 «Б» сынып оқушысы София Махиня «Киелі Қазақстан: Ақмешіт үңгірі» тақырыбында ғылыми жоба әзірледі. Өз жұмысында София Шымкент қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан ерекше табиғи көрнекілікке апаратын туристік бағытты насихаттауды мақсат еткен, деп хабарлайды QZ News.
Ақмешіт үңгірі — табиғаттың керемет туындысы ғана емес, сондай-ақ көптеген аңыздарға толы киелі орын. Сол аңыздардың бірі бойынша, үңгірде ерекше акустикалық құбылыс бар: егер бір шетінен қатты айқайласаң, тіпті қасыңда тұрған адам да ештеңе естімейді. Тағы бір наным бойынша, егер үңгір төбесінен су тамшысы адамға тамып түссе, оның ең асыл арманы орындалады екен.
Софияның жобадағы басты мақсаты — осы бағытқа назар аударып, мүмкіндігінше көп туристі осы жұмбақ мекенге баруға ынталандыру. Ол үшін София қызықты аңыздармен безендірілген түрлі-түсті брошюралар жасап, трансфер, көрнекі орындар тізімі мен шамаменгі бағаларды қамтитын егжей-тегжейлі маршрут әзірлеген.
Биылғы жазда София Ақмешіт үңгіріне өзі барып, жергілікті жерді зерттеп, жобасын жаңа материалдармен және байқаулармен толықтыруды жоспарлап отыр.
Жас зерттеушінің бастамасы — мектеп оқушыларының ішкі туризмді дамытуға және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға үлес қоса алатынының жарқын мысалы.
