Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да мас күйінде автобус жүргізген жүргізуші ұсталды

СҚО-да мас күйінде автобус жүргізген жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Осындай рейдтердің бірінде Айыртау ауданында полицейлер мас күйде болған маршруттық автобустың жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды QZ News.

Медициналық сараптама жүргізушінің орташа дәрежеде мас екенін растады. Абырой болғанда, ұсталған сәтте автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара басталғалы бері СҚО-да 174 мас жүргізуші және жолда жасалған 9 мыңға жуық түрлі құқықбұзушылық анықталды. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Shares