Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттарына әскери қылмыстар үшін жауапкершілік туралы айтылды

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттарына әскери қылмыстар үшін жауапкершілік туралы айтылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясында әскери қызметшілер арасындағы жарғыға сай келмейтін қатынастардың алдын алу және әскери ортада құқықтық тәртіпті нығайтуға арналған кездесу өтті. Іс-шараны ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.

Курсанттар алдында ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының Петропавл қаласындағы тобының аға тергеушісі, әділет подполковнигі Аскар Ысқақов баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қарулы Күштерде заңдылық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық санасын жоғары деңгейде қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Подполковник қолданыстағы заңнамадағы жарғыдан тыс қатынастарға қарсы іс-қимылға қатысты нормаларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, әскери қылмыстар үшін көзделген жауапкершілікті баяндады және тергеу тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді.

Әсіресе әскери ортадағы құқықбұзушылықтардың себептері мен олардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылып, профилактикалық жұмыстың жүйелілігі мен дәйектілігі атап өтілді.

Кездесу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері де қозғалды – бұл армияның жауынгерлік қабілеттілігі мен мемлекеттің тұрақтылығының басты шарттары ретінде көрсетілді. Кездесу соңында курсанттар мазмұнды және пайдалы ақпарат бергені үшін әскери-тергеу басқармасы өкіліне алғыс білдірді.

Shares