Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үндістанда Boeing 787 тұрғын үйлерге құлады — ұшақ бортында 242 адам болған

Үндістанда Boeing 787 тұрғын үйлерге құлады — ұшақ бортында 242 адам болған

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing Dreamliner 787 ұшағы ұшып көтерілу кезінде қажетті биіктікке жете алмай, тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаған. Ұшақ Ұлыбританияның Бирмингем қаласына бағыт алған болатын, деп хабарлайды QZ News.

ABP үнді порталының мәліметінше, жолаушылар ұшағы Үндістанның Гуджарат штатында, Ахмедабад қаласы әуежайының маңында апатқа ұшыраған.

Times of India басылымы Boeing 787 ұшағы Air India әуе компаниясына тиесілі екенін жазады. Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Ахмедабад әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай құлаған. Лайнерде көп мөлшерде жанармай болғаны себепті апаттан кейін жойқын жарылыс пен өрт болған.

News18 дерегінше, алдын ала мәлімет бойынша ұшақ бортында 242 адам — 232 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар жайлы ресми ақпарат жоқ, сондай-ақ жерде зардап шеккендер туралы да мәлімет берілмеді. Куәгерлер ұшақ құлаған аумақта қалың қара түтін көтерілгенін хабарлауда.

Shares