Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полициясы рецептурамен берілетін дәрілер мен вейптердің заңсыз сатылуына тосқауыл қойды

СҚО полициясы рецептурамен берілетін дәрілер мен вейптердің заңсыз сатылуына тосқауыл қойды

9–13 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында «Дармек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды QZ News.

Рейд барысында тәртіп сақшылары дәріханалар, медициналық мекемелер мен түрлі кәсіпорындарды тексерді.

«Нәтижесінде 19 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында – рецептурамен ғана берілетін препараттарды тиісті тағайындаусыз босату, есірткілік заттар бар дәрілерді сақтау және есепке алу тәртібін бұзу фактілері бар. Кейбір кәсіпорындарда прекурсорларды – есірткі жасауға пайдаланылуы мүмкін заттарды – немқұрайлы сақтау жағдайлары анықталды. Барлық жауапты басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті.

Сонымен қатар, электронды темекі мен вейп сұйықтықтарының заңсыз айналымына қатысты екі дерек тіркелді.

Shares