Kozybayev University студенттері жүзуден өткен XIII жазғы Универсиаданың қола жүлдегерлері атанды
11–13 маусым аралығында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының XIII жазғы Универсиадасы өтті. Бұл жарыста Петропавл қаласынан қатысқан Kozybayev University жүзу командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды QZ News.
Спортшылар жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерлерін көрсете білді. Команда құрамында: Мирослава Пригоженко, Алёна Золотько, Юлия Крец, Юлия Безушко, Егор Василенко, Дмитрий Турукин, Артём Казанцев, Никита Худяков және Арсений Первушин болды.
Kozybayev University студенттері жекелей сында да жоғары нәтижелер көрсетті:
Мирослава Пригоженко 50 және 100 метр еркін стильде чемпион атанып, 100 метр кешенді жүзуде қола медаль жеңіп алды.
Егор Василенко 50 метр еркін стильде екінші орынды иеленді.
Дмитрий Турукин 50 метр брасс әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды.
«Kozybayev University командасы 4×50 метр еркін стильдегі эстафетада да күміс медаль жеңіп алды. Эстафеталық команданың құрамында: Егор Василенко, Никита Худяков, Дмитрий Турукин және Артём Казанцев өнер көрсетті», деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.