ТЖМ қызметкерлері СҚО-да ер адамның өмірін аман сақтап қалды
Тайынша ауданына қарасты Драгомировка ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері 51 жастағы Өзбекстан азаматына шұғыл көмек көрсетті. Ер адам жол бойындағы дәмханада тұншығу ұстамасына ұшыраған,деп хабарлайды QZ News.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына бірден Келлеровка ауылындағы Қауіптер медицинасы орталығының ТМҚП бригадасы аттанған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамға бронх демікпесі диагнозын қойып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
«Ер адамның жағдайы тұрақтандырылып, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады», – делінген хабарламада.