Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов қызметінен кетті

Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов қызметінен кетті

Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов әлеуметтік желідегі парақшаларында қызметінен кететінін жариялап, аудан халқына арнаған алғысөзінде атқарған жұмысына қорытынды жасады, деп хабарлайды QZ News.

Өз үндеуінде Сақтаған Сәдуақасов 1,5 жылдық қызметінде ауданның дамуы жолында бірқатар жетістікке қол жеткізілгенін, барлық қиындықтарға қарамастан алға басу болғанын атап өтті.

«Алғашқы күннен бастап аудан өмірін жақсартуға барлық күш-жігерімді, білімімді, тәжірибемді жұмсадым. Әсіресе су тасқынына қарсы күресіміз есімде ерекше қалды — бұл оңай сынақ болмады, бірақ сіздердің табандылықтарыңыздың, қолдауларыңыз бен бірліктеріңіздің арқасында біз бұл қиындықтан өттік», – деп жазды Сәдуақасов.

Сондай-ақ, ол жанында бірге жұмыс істеген барлық әріптестеріне – ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына, кәсіпкерлерге, коммуналдық қызмет мамандарына, депутаттарға және аудан тұрғындарына сенімі, бастамашылдығы мен Қызылжар ауданының қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін шын жүректен алғыс айтты.

«Қызылжар ауданына және әрқайсыңызға бейбіт өмір, өркендеу мен амандық тілеймін! Барлығыңызға алғыс айтамын!», – деді Сақтаған Сәдуақасов.

Shares