Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Kozybayev University алғаш рет беделді QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингіне енді

Kozybayev University алғаш рет беделді QS World University Rankings 2026 жаһандық рейтингіне енді

Kozybayev University өзінің даму тарихында жаңа белесті бағындырып, алғаш рет әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындары рейтингтерінің бірі — QS World University Rankings 2026 тізіміне енді, деп хабарлайды QZ News.

Әлем бойынша 8 500 университеттің ішінен тек 1 500-і ғана бұл тізімге енгізілсе, Kozybayev University 1401+ тобына орнықты. Бұл оқиға бүкіл Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызды жаңалық болды. QS рейтингіне енген 20 қазақстандық жоғары оқу орнының ішінде Kozybayev University-дің аталуы — білім сапасының, стратегиялық даму бағытының және университет ұжымының ерен еңбегінің айғағы.

Бұл жетістік келесі бірқатар маңызды факторлардың нәтижесінде мүмкін болды:

  • Мемлекеттік қолдау
  • АҚШ, Еуропа және Қытай университеттерімен халықаралық серіктестіктерді дамыту
  • Ғаламдық форумдар мен ғылыми коллаборацияларға белсенді қатысу
  • Академиялық ұтқырлықтың артуы
  • Өңірлік ғылыми білім беру экожүйесін нығайту
  • Білім беру мен зерттеулер сапасына тұрақты назар аудару

Сонымен қатар, заманауи оқу-зертханалық корпустар мен жаңа жатақханалардың салынуы университеттің инфрақұрылымдық базасын едәуір күшейтіп, бұл жетістікке өз үлесін қосты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында университет ұжымын құттықтады.

«Әлемдік рейтингке ену — одан әрі өрлеу мен халықаралық мойындауға бастайтын жаңа кезең. Барша студенттерді, оқытушылар мен серіктестерді осы тарихи жетістікпен құттықтаймын!», — деп жазды өңір басшысы.

Shares