2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Петропавл қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

June 17, 2025 11:14

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне Арман Кенесарыұлы Баксимов тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.

Арман Баксимов 1990 жылдың 22 қазанында Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Ол Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Баксимов 2009 жылы «Көкшетау Строй» жобалау-құрылыс компаниясында сылақшы-бояушы болып бастаған. Әр жылдары Ақмола облысының, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс бөлімдерінде бас маман, сектор меңгерушісі, басшының орынбасары және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметіне дейін Арман Баксимов құрылыс және абаттандыру саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

Shares