Kozybayev University-дің бірінші курс студенттері «СҚЭЖТК» АҚ экскурсия жасады
Kozybayev University инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің бірінші курс студенттері «Солтүстік Қазақстандық ЭЖТК» АҚ-на экскурсия жасады. Болашақ энергетиктер өңірдегі ірі компаниялардың бірімен танысты, деп хабарлайды QZ News.
Студенттерге жөндеу цехы мен ашық тарату құрылғысы көрсетіліп, олар энергетикалық жабдықты қалай пайдалану және қызмет көрсету үдерісін көзбен көріп танысты.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттерге энергетика саласында қолданылатын түрлі құрылғылар мен аспаптармен танысуға мүмкіндік берілген оқу сыныбына ерекше назар аударылды. Компанияның релелік қорғаныс, қосалқы станциялар, автоматика және өлшеу қызметтерінің мамандары студенттердің сұрақтарына жауап беріп, барлығын жан-жақты түсіндірді.
Бірінші курс студенттері үшін ең әсерлі сәттердің бірі – орталық диспетчерлік қызметке бару болды. Онда олар тұтас өңірдің тұтынушыларын үздіксіз электр энергиясымен қамтуды қамтамасыз ететін компанияның ауқымды жұмысымен танысты.