Петропавлда көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдығы аталып өтті
Петропавл қаласында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды QZ News.
Конференцияға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, жазушының қызы Жанна Мұқанова, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен әдебиеттанушылар қатысты. Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының атынан барша жиналғандарды Сәбит Мұқановтың мерейтойымен құттықтады.
Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушылар жазушының өмір жолы, шығармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы кеңінен тоқталып, оның ел мәдениетіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.
Мерейтой аясында Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жазушының рухына құрмет көрсетілді. Сондай-ақ Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында классиктің шығармасы негізінде сахналанған «Мөлдір махаббат» спектаклінің премьерасы өтті.
«Бұл күн – қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғаға деген зор құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды», – деді облыс әкімі.