Солтүстік Қазақстан облысының әкімі судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сот жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News.
Өзінің құттықтауында өңір басшысы Елбасы үнемі атап өтетін сот билігінің заң үстемдігін, әділдік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі шешуші рөліне тоқталды.
«Дәл сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіздің, принципшілдіктеріңіздің және адалдықтарыңыздың арқасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалып, сот жүйесіне деген сенім нығая түсуде, сондай-ақ бизнес пен қоғам дамуына қолайлы жағдай жасалуда», – деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сөз соңында өңір басшысы судьялар мен сот қызметкерлерінің жауапты әрі абыройлы қызметі әрдайым құрметке, тұрақтылыққа және ертеңгі күнге деген сенімге толы болсын деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар, ол мемлекет пен қоғам игілігі үшін мол табыс, жетістік және амандық тіледі.
