Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 1 қыркүйекке дейін 50 аула абаттандырылады

Петропавлда 1 қыркүйекке дейін 50 аула абаттандырылады

July 1, 2025 16:05

Облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және олардың қасбеттерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды QZ News.

Қаладағы 596 аула аумағының 254-і қанағаттанарлықсыз күйде болған. Өткен жылы кварталдық қағидат бойынша кезең-кезеңімен абаттандыру тетігі әзірленген.

«Биыл 15 кварталда орналасқан 50 ауланы абаттандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 4 кварталда жұмыстар жүргізілуде. Барлық жоспарланған шараларды ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар, 10 футбол алаңында да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда алаң негізі жаңартылып, қақпалар, қоршау құрылымдары және басқа да элементтер жөнделіп, ауыстырылып жатыр», – деді Петропавл қаласының әкімі.

Бұдан бөлек, қалада көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 10 үйдің қасбеті жаңартылып, жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.

Shares