Қазақстанда талантты жастарға арналған «Дарын» мемлекеттік сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі талантты жастарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлады, деп жазады QZ News.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 26 маусым мен 27 тамыз аралығында қабылданады. «Дарын» сыйлығы он номинация бойынша табысталады:
- Әдебиет
- Ғылым
- Дизайн және бейнелеу өнері
- Журналистика
- Классикалық музыка
- Қоғамдық қызмет
- Спорт
- Театр және кино
- Эстрада
- Халық шығармашылығы
Байқауға қатысу талаптары мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан табуға болады. Анықтама телефоны: 8 (7172) 74-05-25 (Д. Умбетәлиева).