Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Астана күніне орай ЦОН мен арнайы ЦОН-дардың жұмыс тәртібі қандай болады?

Астана күніне орай ЦОН мен арнайы ЦОН-дардың жұмыс тәртібі қандай болады?

Астана күнін мерекелеуге байланысты 7 шілде (дүйсенбі) күні халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), оның ішінде арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды QZ News.

Алайда, 5 шілде (сенбі) – кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болады. Бұл күні азаматтарды қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Арнайы ХҚКО-лар құжаттарды қабылдауды 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беруді 13:00-ге дейін жүзеге асырады.

8 шілдеден бастап ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне қайта көшеді.
Кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Shares