Петропавлда құтқарушылар футбол алаңында торға қысылып қалған итті құтқарды
June 30, 2025 11:25

Петропавлдық құтқарушылар Ибраев көшесіндегі мектептердің бірінің аумағындағы футбол алаңының қоршау торына қысылып қалған иттті құтқаруға келді, деп хабарлайды QZ News.
Жануар тордан өтпек болып абайсызда қысылып қалған. Ит өздігінен шыға алмай, оны өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған.
«Оқиға орнына жедел түрде ТЖД қызметкерлері келді. Жануарлармен қауіпсіз жұмыс істеуге арналған арнайы құрал — ұстағыш таяқтың көмегімен құтқарушылар итті абайлап, жылдам босатты. Абырой болғанда ит жарақаттанбаған, босағаннан кейін бірден қашып кетті», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
