СҚО әкімі Наталья Богданованы Әлем кубогындағы жеңісімен құттықтады
Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері Наталья Богданова Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Финалдық жекпе-жекте Наталья асқан шеберлік пен мықты жігер танытып, австралиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты, деп хабарлайды QZ News.
Бұл маңызды оқиғаға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те бейжай қарамады. Ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында спортшыны құттықтап, бұл жеңістің маңыздылығын атап өтті.
«Бұл – тек жеке жеңіс емес, бүкіл елді паш еткен үлкен жетістік! Натальяға және оның бапкерлеріне жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілеймін! Маңызды жеңіспен құттықтаймын!» – деп жазды облыс әкімі.