Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «ЗИКСТО» зауытының даму перспективалары Екатеринбургтегі ИННОПРОМ–2025 көрмесінде талқыланды

«ЗИКСТО» зауытының даму перспективалары Екатеринбургтегі ИННОПРОМ–2025 көрмесінде талқыланды

Екатеринбург қаласында өтіп жатқан ИННОПРОМ–2025 халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында Солтүстік Қазақстан облысы делегациясы мен «Railways Systems KZ» ЖШС пайдалану және өндіріс жөніндегі бас директорының орынбасары А. Әбейілдинов арасында кездесу өтті, деп хабарлайды QZ News.

Кездесу барысында тараптар Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі – «ЗИКСТО» ЖШС-нің қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, өндірістік қуаттылықты кеңейту, жабдықтарды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу мәселелері бойынша да ой-пікірлер ортаға салынды.

Shares