Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да мефедрон таратқан 35 жастағы ер адам 7 жылға сотталды

СҚО-да мефедрон таратқан 35 жастағы ер адам 7 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 35 жастағы Петропавл тұрғынына сот үкімі шықты. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер күдіктіні қала маңындағы «Труд» бау-бақша серіктестігінде ұстады. Оперативтік іс-шаралар барысында оның көрсеткен координаталары бойынша жалпы салмағы 7,7 грамнан асатын мефедрон есірткісі салынған сегіз орама табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, оның өзінен және автокөлігінен тағы 16 грамнан астам тыйым салынған зат алынды.

Тергеу кезінде күдікті есірткіні таратудан бас тартқанын, оларды өзіне тұтыну үшін қайта алмақ болғанын айтып, кінәні ішінара жоққа шығаруға тырысты. Алайда сот-медициналық сараптама оның басқа есірткілерді пайдаланғанын көрсетті, ал қылмыстық іс материалдары оның уәждерін толықтай жоққа шығарды.

Сот оны кінәлі деп танып, үкім заңды күшіне енді. Бұл – жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын айқындайтын нақты мысал.

Shares