Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО журналистеріне қылмыстық істер бойынша алқабилердің жұмысы мен іріктелу тәртібі түсіндірілді

СҚО журналистеріне қылмыстық істер бойынша алқабилердің жұмысы мен іріктелу тәртібі түсіндірілді

July 24, 2025 19:03

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның басты тақырыбы – «Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер», деп хабарлайды QZ NEWS.

Кездесу барысында журналистерге алқабилер алқасын іріктеу тәртібі мен оның ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған мәселелердің бірі – алқабилердің еңбекақысы мен оларға берілетін кепілдіктер болды.

«Алқаби қызметін атқарып жүрген азаматтың негізгі жұмыс орны сақталады. Сонымен қатар, сот отырыстарына қатысу кезеңінде жұмыс берушінің бастамасымен оны жұмыстан шығару немесе жалақысы төмен қызметке ауыстыруға жол берілмейді. Сондай-ақ алқабилердің негізгі міндеттері де кеңінен түсіндірілді. Олардың басты функциясы – төрағалық етуші судьямен бірге заңды, негізді және әділ шешім қабылдау. Алқабилерге сот тергеуіне қатысу, айыптау және қорғау тараптары ұсынған дәлелдерді, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін көрсететін деректерді зерттеу құқығы толық көлемде беріледі», – деп атап өтті сот өкілдері.

Іс-шара соңында сот қызметкерлері алқабилер алқасы объективті және әділ үкім шығара алатындай етіп іріктелуі тиіс екенін ерекше атап өтті. Бұл – әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі.

Shares