Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Интернационал көшесінде орналасқан түтін басқан үйден құтқарушылар 15 тұрғынды эвакуациялады

Петропавлдағы Интернационал көшесінде орналасқан түтін басқан үйден құтқарушылар 15 тұрғынды эвакуациялады

July 24, 2025 17:00

23 шілде күні кешкі уақытта Петропавл қаласындағы Интернационал көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйді қатты түтін басқына жайлы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде тұрғындарды эвакуациялады. Өрттің шығуына жертөледе орналасқан электр қалқанындағы ақау себеп болған, деп хабарлайды QZ news.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түтін туралы хабарлама сағат 19:30-да түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер ғимарат жертөлесінен қою түтін шыққанын анықтаған.

Қауіпсіздік мақсатында екінші кіреберістегі тұрғындарды эвакуациялау шұғыл ұйымдастырылды. Жалпы алғанда 15 адам, оның ішінде 5 бала сыртқа шығарылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Электр қалқанындағы өрттің нақты себептері анықталу үстінде.

Shares