«Достық» лагерінде жасөспірімдерге құқықтық сауаттылық туралы түсіндірілді

«Достық» балалар сауықтыру лагерінде «Құқық және жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара өтті. Шара «Қауіпсіз жаз» акциясы мен «Заң және құқық» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оған Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.
Колледж студенттерімен кездесуге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мен есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Зарина Попова арнайы келді.

«Шара интерактивті форматта өтті – дәріс пен ойын-викторинаны ұштастырдық. Мұндай тәсіл құқықтық мәселелерді жасөспірімдер үшін түсінікті әрі қызықты етуге мүмкіндік берді. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білді, заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік және өз әрекеттері үшін жауапкершілік туралы әңгімелесті», – деді ұйымдастырушылар.

Мамандар мен сарапшылар құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша нақты кеңестер берді. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
