Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 62 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

СҚО-да 62 заңсыз қоқыс полигоны анықталды

July 25, 2025 11:22

Солтүстік Қазақстан облысында рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Облыс аудандары мен Петропавл қаласын қамтыған рейдтерді Экология департаменті, ішкі істер органдары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құрылған мобильді жұмыс тобы жүргізуде, деп хабарлайды QZ NEWS.

2025 жылдың сәуір айынан шілде айына дейін мобильді топ 10 рет рейдке шығып, нәтижесінде 62 рұқсатсыз қоқыс төгу орны анықталған.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында облыстық экология департаментінің басшысы Талғат Сәбиевтің мәлімдеуінше, анықталған барлық жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарына қоқыс үйінділерін жою және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде хаттар жолданған.

– Бұдан бөлек, бұл жоспар аясында анықталған заңбұзушылықтар бойынша жедел әрекет ету мақсатында ақпарат және материалдар алмасу жүргізілуде. Сонымен қатар халық пен кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да қолға алынды. Тұрғындарға рұқсатсыз қоқыс төгудің қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны және заң алдындағы жауапкершілік туралы мәлімет берілуде. Бұл жұмыс тікелей эфирлер, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар және жергілікті тұрғындармен жүргізілетін профилактикалық кездесулер арқылы жүзеге асуда, – деді Талғат Сәбиев.

Shares