Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ірі қант зауыты салынады

СҚО-да ірі қант зауыты салынады

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 200 мың тоннаға дейін қант өндіре алатын ірі зауыттың құрылысы жоспарлануда. Бұл ауқымды инвестициялық жобаны Шал ақын ауданында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – «Asyl Farms» ЖШС жүзеге асырмақ, деп хабарлайды QZ NEWS.

2017 жылы осы ауданда қант қызылшасының тәжірибелік өнімі жиналып, жоғары өнімділік пен қант мөлшері бойынша жақсы нәтиже көрсеткен (орташа есеппен 20%). Биыл да инвестор тәжірибелік алқапқа қызылша егіп, оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

«Канада (Lantic Rogers зауыты), Ресей (Алтайдағы Черемновский зауыты) және АҚШ (Crystal Sugar) секілді елдердің солтүстік ендіктерінде қант зауыттарының табысты жұмыс істеуі жобаның болашағы зор екенін дәлелдейді. Болашақ зауыт тек отандық шикізатпен жұмыс істейтін болады. Онда инвестордың жеке өнімімен қатар, келісімшарт арқылы алынатын шикізат та пайдаланылмақ. Зауыттың қуаттылығы Қазақстан халқының қантқа деген сұранысының шамамен 50%-ын қамтуға мүмкіндік береді», – делінген СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта инвестор Қазақстан Республикасы Үкіметімен инвестициялық келісім жасасу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зауыт құрылысын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр.

Shares