СҚО-да полицияның қатысуымен 107 рұқсатсыз қоқыс алаңы жойылды
Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді түрде жалғасуда. Бұл шараға жергілікті полиция қызметкерлері де белсене атсалысып, тиісті мекемелермен бірлесе отырып, рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындарды анықтау және жою бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды QZ NEWS.
Жыл басынан бері осы мақсатта 77 мобильді топ құрылып, олар 1029 рейдтік іс-шара өткізді. Тексеру барысында 162 заңсыз қоқыс алаңы анықталып, соның 107-сі жойылды. Бұл жұмыстар СҚО бойынша Экология департаменті мен облыстық әкімдіктің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен тығыз байланыста атқарылуда.
Қоқыс алаңдарымен күрестен бөлек, осы уақыт аралығында көпшілік пайдаланатын орындардың ластануына қатысты 3,6 мыңнан астам дерек тіркелсе, абаттандыру ережелерінің 18,5 мыңнан астам бұзылуы анықталған.