Петропавлда Промышленная көшесі екі аптаға жабылады
July 28, 2025 20:06

2025 жылғы 29 шілдеден 11 тамызға дейін Петропавл қаласындағы Промышленная көшесі бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі хабарлады, деп жазады QZ NEWS.
Аталған шектеу «Промышленная – Жуков көшелері бойымен Ду1000 мм жылу магистралін салу» жобасы аясында құбыр желілерін тарту жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
«Алдын ала жол бағдарларыңызды жоспарлап, айналма жолдарды пайдаланыңыздар. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.
