Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар үшін жазаны қатаңдатуды қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш қолдану және қатыгездік көрсету фактілері үшін жазаны күшейтуге бағытталған ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттары, медицина қауымдастығы мен белсенді азаматтардың ұсыныстарын толық қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәліметінше, медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін мұндай оқиғалар заң мен тәртіп қағидатына сәйкес қатаң түрде тоқтатылуы тиіс.
«Президент Үкіметке заңнамаға тиісті түзетулерді қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырды. Бұл түзетулер Парламенттің қарауына енгізіліп, азаматтық қоғам өкілдерінің міндетті қатысуымен талқыланатын болады», – делінген хабарламада.
