2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдық «Солнечный дом» қорының тәрбиеленушілері халықаралық жарыста Қазақстанның атынан өнер көрсетеді

Петропавлдық «Солнечный дом» қорының тәрбиеленушілері халықаралық жарыста Қазақстанның атынан өнер көрсетеді

August 5, 2025 20:27

9-14 тамыз аралығында Петропавл қаласындағы «Солнечный дом» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері Түркияның Стамбул қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Екі күн бойы балалар спорттық шеберліктерін көрсетсе, қалған күндері олар үшін қызықты іс-шаралар мен Түркияның көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Қазақстанның атынан барлығы 20 адам барады, оның ішінде Петропавл қаласынан 6 бала қатысады. Олар – Валерия Казацкая, Виктория Гриб, Алиса Делль, Рустам Есимов, Айя Абылқасым және Дильназ Байқадамова. Бұл балалар жеңіл атлетикадан өз мүмкіндіктерін көрсететін болады. Қордың негізін қалаушы Татьяна Делльдің айтуынша, қазір балалар белсенді түрде дайындалып жатыр.

«Аптасына үш рет – жеңіл атлетика, екі рет – теннис. Біз оларға жарысқа баратынымызды айтып, шын ниетпен дайындалуға шақырамыз. Ол жерде түрлі елден келген қарсыластар болады. Жеңіспен оралып, жаңа шабыт аламыз деп үміттенеміз», – дейді Татьяна Делль.

Бұған дейін де балалар бірнеше ауқымды жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Маусым айында олар Қырғызстаннан 9 жүлделі медаль алып келді, оның үшеуі – алтын. Енді олар шабыттанып, жаңа белестерді бағындыруға, Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде қорғауға дайын.

«Мұндай шетелге немесе басқа қалаға жарысқа бару – балаларға үлкен мотивация береді. Олар өз деңгейін көрсетіп қана қоймай, өзге елдердің балаларымен танысып, салыстыра алады», – дейді Татьяна Делль.

Қазіргі таңда “Солнечный дом” қоры қолдауға мұқтаж. Татьянаның айтуынша, ұшақ билеттері мен жол шығындарына шамамен 3 миллион теңге қажет. Қордың ата-аналары мен балалары Түркиядағы Түркі мемлекеттері чемпионатына балаларын жіберуге қолдау көрсетуді сұрайды. Қазіргі таңда қордың жинауы тиіс сома – 700 мың теңге.

Қор туралы ақпарат:
Қоғамдық қор: «Солнечный дом» – Даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсету қоры
Мекенжайы: Қазақстан, Петропавл қ., Чайковский көшесі, 19-үй, 5-пәтер/кеңсе
БСН (ЖСН): 150740022322
Банк: АҚ «Kaspi Bank»
КБе: 18
БИК: CASPKZKA
Шот нөмірі: KZ74722S000047350418

Shares