Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға келді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға келді

August 11, 2025 19:00

Солтүстік Қазақстан облысына халық денсаулығын жақсартуға, әсіресе шалғайдағы ауылдық аймақтарда медициналық қызмет көрсетуге бағытталған арнайы пойыз келді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Құрамында тәжірибелі дәрігерлер бар: терапевт, педиатр, кардиолог, гинеколог, офтальмолог, уролог, психолог, стоматолог, заңгер және өзге де бейінді мамандар.

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы аялдау кестесі:

  1. Чаглинка – 13 тамыз
  2. Тайынша – 14 тамыз
  3. Октябрь – 15 тамыз
  4. Чкалов – 16 тамыз
  5. Ащыкөл – 17 тамыз
  6. Даут – 18 тамыз
  7. Талшық – 19 тамыз
  8. Қызыл-Ту – 20 тамыз
  9. Макинка – 22-23 тамыз

Тұрғындар тегін тексеруден өтіп, кеңес алып, қажет болған жағдайда ем қабылдай алады. Одан кейін пойыз Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына жол тартады.

Shares