Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстікқазақстандықтар табиғатта қандай бұзушылықтарға жол береді

Солтүстікқазақстандықтар табиғатта қандай бұзушылықтарға жол береді

“Алтын күз” – аң мен балық аулауды ұнататындардың уақыты. Осы кезеңде полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтерді белсенді жүргізеді. Аңшылар жол беретін жиі және аса қауіпті құқық бұзушылықтардың қатарына қаруды жиналған және оқталған түрде тасымалдау жатады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл аң аулаудағы ықтимал жазатайым оқиғаларға жағдай тудырады, сондықтан оған қатаң тыйым салынады. Бұл үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Жыл басынан бері облыста табиғатты қорғау полицейлері аң аулау ережелерін бұзудың 583 және балық аулау ережелерін бұзудың 303 фактісін анықтады.

“Аң аулау ережелері табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға тосқауыл қойып қана қоймай, адамды да қорғауға арналған. Сол себепті өрескел бұзушылықтарға мас күйінде аң аулау немесе балық аулау жатады. Сонымен қатар, бұл – ең көп таралған бұзушылықтардың бірі. Сондай-ақ, балық аулаушылар рұқсат құжаттары жоқ су қоймаларына жиі барады. Естеріңізге сала кетейік, рұқсатсыз 5 килограмнан аспайтын салмақта балық аулауға болады”, — деп еске салады СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы полиция майоры Асхат Қожабаев.

Shares