Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Булаевта 500-ден астам адам діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі кездесуге қатысты

Булаевта 500-ден астам адам діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі кездесуге қатысты

August 18, 2025 17:12

«Жастар-2025» облыстық спартакиадасы аясында Булаев қаласындағы «Жастар» стадионында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған түсіндіру кездесуі өтті. Оның мақсаты – жастардың деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, жастар ұйымдарының және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Спикерлер сыни тұрғыдан ойлау мен ақпаратты талдай білу қабілетінің маңыздылығы туралы жан-жақты айтты. Түсіндіру жұмыстарының әсерін күшейту үшін қатысушыларға экстремистік ұйымдарға тарту тетіктері мен мұндай әрекеттердің құқықтық салдарын көрсететін бейнематериалдар ұсынылды. ҚР ҚК-нің 255 және 273-баптары түсіндірілді.

Іс-шара соңында 500-ден астам қатысушыға «экстремизм» және «терроризм» ұғымдары, сенім телефондары мен жедел қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды. Ашық диалог барысында құқық қорғау органдарының өкілдері сұрақтарға жауап беріп, тек уақытылы ақпараттандыру мен сенімді қарым-қатынас экстремистік идеологиядан сенімді қорған бола алатынын атап өтті.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің жалғасатынын жеткізді.

Shares