Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жылу желілеріне қайтадан гидравликалық сынақ жүргізілуде

Петропавлда жылу желілеріне қайтадан гидравликалық сынақ жүргізілуде

August 18, 2025 15:51

«Петропавл жылу желілері» ЖШС мамандары жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығын тексеру үшін қайта гидравликалық сынақтарға кірісті, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Севказэнерго» АҚ хабарлауынша, гидравликалық сынақ – кешенді шаралар жиынтығы. Құбырларды салқындату (жүйедегі судың температурасын төмендету), желілерді ауыстырып қосу, жылу тұтынушы жабдықтар мен жылу пункттерін ажырату, тұтынушыларға баратын тармақтардағы ысырмаларды жабу жұмыстары жүргізілген.

Енді мамандар жылу трассаларына жұмыс қысымынан 25%-ға артық қысыммен су жібереді. Мұндай жағдайда желілер 10 минут бойы шыдауы тиіс. Бұл мүмкін болатын ақауларды анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл шаралар алдағы жылыту маусымында қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамту үшін қажет», – деп еске салды «Севказэнерго» АҚ.

Shares