Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Оңтүстік кореялық кәсіпкер Kozybaev University-дің магистранты атанды

Оңтүстік кореялық кәсіпкер Kozybaev University-дің магистранты атанды

August 18, 2025 13:36

Хвасон қаласының тұрғыны, 42 жастағы OH JONGGIL Петропавлға өңірдің тарихымен және табиғатымен танысу үшін турист ретінде келген. Алайда тағдырдың жазуымен ол көптен бергі арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Оңтүстік Кореяда OH JONGGIL-дің жеке табысты кәсібі бар — 150 ірі қара малды қамтитын сүт өндіруге мамандандырылған мал шаруашылығы фермасы бар. Оның Қазақстанда сүт пен ет өндіретін ірі ферма ашу арманы бар

Kozybaev University Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаевпен кездейсоқ бір шыныаяқ кофе үстіндегі таныстық оңтүстіккореялық кәсіпкерге арманын жүзеге асыруға жол ашты. Университетпен танысу барысында қонақты заманауи инфрақұрылым, зертханалар мен жаңа жатақханалар ерекше әсерге бөледі.

«Әңгімеміздің нәтижесінде университетімізде Оңтүстік Кореядан алғашқы магистрант пайда болды. Ол – «Жануарлар өнімдерін өндіру технологиясы» бағдарламасының магистранты OH JONGGIL. Ол бұл бағдарлама аясында білім алып қана қоймай, өңірдегі ірі мал шаруашылығы фермаларында және қайта өңдеу кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді. Университет МИО-мен бірлесіп, оның СҚО аумағында жеке бизнесін құру арманын жүзеге асыруға көмектеседі», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Ербол Исақаев.

Shares