Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО жылыту маусымына дайындалып жатыр

СҚО жылыту маусымына дайындалып жатыр

August 19, 2025 15:40

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық басталды. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында профилактикалық акция өтіп жатыр. Оған ТЖД қызметкерлері, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлер қатысуда, деп хабарлайды QZ NEWS.

Акцияның негізгі мақсаты – өрттің алдын алу және көмірқышқыл газымен уланудың жолын кесу. Осы мақсатта әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтардың үйлеріне арнайы датчиктер орнатылып, мұржалар мен пештердің түтін жолдары тексеріліп, тазартылуда.

Сондай-ақ мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым, бірақ өмір үшін маңызды ережелерін түсіндіріп, сақтық шараларын қатаң ұстанудың маңыздылығын еске салды.

ТЖД, полиция, волонтерлер және әкімдік өкілдерінің бірлескен жұмысы – алдағы күн суытқан
мезгілде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Shares