СҚО полициясы турникке асылған 17 жастағы мектеп оқушысының өліміне байланысты тергеуді бастады

18 тамыз күні Аққайың ауданына қарасты Кенжеғалы ауылында жасөспірімнің денесі турникке асулы күйде табылды, деп хабарлайды QZ news.
Ведомство мәліметінше, жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді полицияның баспасөз қызметі.
@halyqstan телеграм-арнасының хабарлауынша, марқұмның отбасы – толық әрі тұрмысы жақсы жанұя. Көршілерінің айтуынша, жасөспірім ата-анасымен ұрсыспаған, жанжал да шықпаған. Артында хат қалдырмаған. Қыркүйек айында ол 11-сыныпқа баруы тиіс болған.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да кәмелетке толмағандар арасында үшінші суицид фактісі тіркеліп отыр.
