Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сәкен Әмрин СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Сәкен Әмрин СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

August 21, 2025 10:32

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Сәкен Әмрин тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Сәкен Өмерсерікұлы Әмрин 1984 жылы СҚО Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы облыстық перинаталдық орталық пен 3-ші қалалық ауруханада акушер-гинеколог болып бастаған. 2020 жылдан бері Көпсалалы облыстық аурухананы басқарды. Жұмыс барысында тәжірибелі ұйымдастырушы әрі білікті маман ретінде танылды.

Оның жетекшілігімен басқарма телемедицинаны дамыту, цифрландыру, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту және өңір тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттерді іске асыруды жалғастыратын болады.

Жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Shares