СҚО-да дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
August 21, 2025 10:15

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен және ҚР Туризм және спорт министрлігімен келісім бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Қарлығаш Рамазанова тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қарлығаш Асетқызы 1983 жылы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. 2004 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды, 2025 жылы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 2004 жылы СҚМУ-да бастап, оқытушы қызметін атқарған. Қарлығаш Рамазанова спорт саласында мол тәжірибеге ие, ал жаңа қызметке дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары болған.
